Өткен демалыс күндері 54 адам суға батып қайтыс болған

/image/2021/07/08/crop-6_174_334x593_73b19d2faae60649992b715432979afa_1280x720.jpeg
Өткен демалыс және мереке күндері құтқарушылар елдің су айдындарында 40 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарған. 54 адам, оның ішінде 17 бала суға батып қайтыс болған. Қайғылы оқиғалардың ең көп бөлігі Алматы (9), Ақмола (8) Қарағанды (7) және Батыс Қазақстан (6) облыстарында болған. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі мәлім етті.

Суға шомылу кезеңі – 1 маусымнан бастап өз күштерін дұрыс бағаламау, мас күйде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған жерлерде балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру секілді жағдайлардың салдарынан 149 адам, оның ішінде 52 бала суға батып қайтыс болған. Суға батқандардың ең көп саны – Алматы (19), Түркістан (16), Шығыс Қазақстан (15) және Ақмола (14) облыстарында тіркелген.

Суға шомылу кезеңі басталғалы 111 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылған.

Су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында министрлік тарапынан 407 мыңнан астам үгіт-насихат өнімі (буклеттер, парақшалар) таратып, 2 мыңға жуық жиын өткізген.

Министрілік азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырып, төмендегідей ережелерді қатаң ұстануға үндейді.

- суға мас күйде шомылмауға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеуге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеуге;

- жүзу шекарасын белгілейтін аумақтан тыс жүзбеуге;

- тек жүзуге арналған заттармен жүзуге;

- ересектердің қарауынсыз балаларға суға жібермеуге.

"Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи